Там 23, 2017 14:42 Asia/Almaty
  • Ливан Иранмен қарым-қатынастарын арттыруға мүдделі

Ливан Премьер-министрі Саад Харири сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансаримен Бейруттегі кездесуінде екі елдің қарым-қатынастарын арттыру қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Саад Харири кездесуде Иран Президенті Хасан Рухани, Вице-президенті Исхақ Джаһангири мен Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке сәлем жолдап, екі елдің қарым-қатынастарының нығаюына үміт білдірді.

Ливан Премьер-министрі, сондай-ақ аймақтың ағымдағы дағдарыстарына тоқталып, сионистік режим мен лаңкестікті Ливан мен аймақ үшін екі үлкен қатер деп атады.

Хосейн Джабери Ансари бұл кездесуде сионистік режим мен лаңкестіктін Ливан мен аймақ үшін үлкен қатер екенін растап: «Бұл екі қатер Иран мен Ливанның қарым-қатынастары  мен аймақтық ынтымақтастықтарды кеңейтуге жағдай тудырды»,- деп баса айтты.

Сонымен бірге Ливанның бұрынғы президенті Амин Джамил Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансаримен кездесуінде Иранды аймақтағы үлкен әрі маңызды рөлге ие мемлекет деп атап, Теһранмен достық қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттады.

Джабери Ансари де бұл кездесуде Ливанның саяси және тайпалық түрлілігіне сілтеме жасап: «ИИР Ливан қоғамының барлық мүшелерімен бірдей қарым-қатынас орнатуды көздеуде»,- деді.                                                  

 

 

Тегтер