Ирандық қажылар Мина оқиғасының құрбандарын еске алды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i30437-Ирандық_қажылар_Мина_оқиғасының_құрбандарын_еске_алды
Сенбі күні кешке Мина жерінде Мина мен әл-Харам мешітінде орын алған оқиғаларда қаза болғандарды еске алу рәсімі өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 03, 2017 11:10 Asia/Almaty
  • Ирандық қажылар Мина оқиғасының құрбандарын еске алды

Сенбі күні кешке Мина жерінде Мина мен әл-Харам мешітінде орын алған оқиғаларда қаза болғандарды еске алу рәсімі өтті.

 

 

Бұл рәсім ирандық қажылар мен Мина оқиғасында қаза болғандардың туған-туысқандарының бір тобы, діни тұлғалардың өкілдері, Қасиетті қорғаныс жылдары мен қасиетті кесенелерді қорғау кезінде шәһид болғандардың туған-туыстарының бір тобы, Қажылық және зиярат ұйымының басшысы мен ирандық қажылардың жетекшісінің қатысуымен Ислам революциясы жетекшісінің Мина жерінде тіккен шатырында өтті.

7 мыңнан астам зияратшы, соның ішінде 464 ирандық зияратшы 2015 жылғы Құрбан айтта Мина жерінде қажылық рәсімін өткізу барысында Сауд әулеті режимі басшыларының нашар басқарушылығы салдарынан Минаның аптап ыстығында шөлден қысылып, жан тәсілім етті.

Әл-Харам мешітіне барған зияратшылар сенбі күні Мина жеріндегі екінші күні шайттаның белгілеріне тас лақтырды. Зияратшылар бүгін, 12 зихадже күні Рами әл-Джамарат рәсімін өткізген соң Мина жеріндегі ғамалдарын аяқтайды.