Иран Ирактағы қарсыласу топтарын қолдауды жалғастырады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i30483-Иран_Ирактағы_қарсыласу_топтарын_қолдауды_жалғастырады
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Иранның Ирактағы қарсыласу топтарын қолдауды жалғастыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 05, 2017 16:21 Asia/Almaty
  • Иран Ирактағы қарсыласу топтарын қолдауды жалғастырады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Иранның Ирактағы қарсыласу топтарын қолдауды жалғастыру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы аятолла Махмуд Хашеми Шаһруди Ирактың Салахеддин провинциясындағы «Наджаба» исламдық қарсыласу қозғалысы тобының штабына барғанда: «"Наджаба» исламдық қарсыласу тобы ДАИШ лаңкестік тобымен күресте жеңіске жетуде маңызды рөл атқарды",-деді.

«Наджабаның» Ирактың Салахеддин провинциясындағы әскери өкілдігінің жауапты тұлғасы Әбу Хасан әл-Балдави да осы кездесуде ИИР-ның, әсіресе Ислам революциясы жетекшісінің қарсыласу майданын қолдауына үлкен алғыс білдірді.

Аятолла Махмуд Хашеми Шаһруди 31 тамызда, яғни өткен бейсенбі күні Ирактың кейбір басшыларымен кездесіп, диалог өткізу үшін жоғары деңгейлі делегацияны бастап, осы елдің астанасы Бағдадқа барды.