Астана келісімдері Түркияның Сирия жеріндегі құзырына заңдылық беру деген сөз емес
Сирияның Сыртқы істер министрлігі «Астана-6» отырысындағы қақтығыстар азайтылған аймақтар туралы келісімдердің ешбір жағдайда Түркияға Сирия жерінде болуына заңдылық бермейтінін баса айтты.
Сирия Сыртқы істер министрлігіндегі бір ресми дереккөзі: «Сирия араб республикасы үкіметінің көзқарасы бойынша, Түркияның Сирия жеріндегі құзыры заңсыз. Сирия өз жеріндегі дағдарысты шешуге, қантөгістің алдын алуға және халықтың қиындықтарын азайтуға көмектесетін кез келген бастамаларға оң көзқараспен қарап, әріптестік жасауға берік. Сол себепті Сирия «Астана-6» келіссөздеріне оң ниетпен қатысты. Идлиб облысы туралы келісім – уақытша келісім. Оның негізгі мақсаты Дамаск-Хама көне жолын қайта ашу, азаматтардың қиындықтарын азайтып, Алеппо мен оның айналасындағы аудандарда әртүрлі қатынас құралдарын қайтадан іске қосу болды»,-деді.