Ирак президенті Күрдістан аймағындағы дағдарысты шешу үшін жоба ұсынды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i30999-Ирак_президенті_Күрдістан_аймағындағы_дағдарысты_шешу_үшін_жоба_ұсынды
Ақпарат құралдары Ирак президентінің Бағдад пен Эрбиль арасындағы алауыздықтарды шешу үшін жоба ұсынғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 21, 2017 15:54 Asia/Almaty
  • Ирак президенті Күрдістан аймағындағы дағдарысты шешу үшін жоба ұсынды

Ақпарат құралдары Ирак президентінің Бағдад пен Эрбиль арасындағы алауыздықтарды шешу үшін жоба ұсынғанын хабарлады.

Осы жобаға сәйкес, мәселелерді шешу үшін тиісті органдар арасындағы келіссөздер 2017 жылдың қыркүйек айында ешбір шартсыз «серіктестік принципі» негізінде басталады. Осы жобаға сәйкес, екі жақтың арасында келіссөз өткізу үшін Ирактың Күрдістан аймағы бөліну туралы референдум өткізбеуге шешім қабылдайды. Келіссөздер үш жылдан аспайтын бір кезеңде аяқталуы керек. Кері жағдайда референдумға жүгінетін болады.