Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізуді ұйымдастырушы Жоғары Кеңес мәлімдеме жасады
Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізуді ұйымдастырушы Жоғары Кеңес бұл референдумның кейінге қалдырылғаны туралы ақпаратты теріске шығарып: «Ирактың «Күрдістан патриоттық одағы» партиясының басшысы Джалал Талабанидің ұлының осы жайлы айтқаны оның жеке пікірі болды»,-деп мәлімдеді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Baghdad al-Youm ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум ұйымдастырушы Жоғары Кеңес сенбі күні кешке мәлімдеме жариялап: «Джалал Талабанидің ұлының айтқандары негізінде референдумды кейінге қалдыру туралы америкалық-халықаралық ұсыныстың қабылданғаны туралы ақпарат жалған»,-деді.
Ирактағы Күрдістан аймағының әкімшілігі де Джалал Талабанидің ұлының референдумның кейінге қалдырылғаны туралы сөздерін теріске шығарды.
Бұдан бұрын Ирактың ақпарат құралдарының Ирак «Күрдістан патриоттары одағы» партиясы басшысының ұлының сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың Күрдістан аймағындағы екі негізгі партия, яғни Күрдістан демократиялық партиясы мен «Күрдістан патриоттық одағы» партиясы АҚШ пен БҰҰ-ның бөліну туралы референдумды кейінге қалдыру туралы жобасына келісім берген-мыс.
Келесі хабар бойынша, Ирактың ұлттық альянсы сенбі күні: «Күрд делегациясымен келіссөздер бұл делегацияның референдумнан кейін диалог өткізуді қалауына байланысты жеңіліс тапты»,-деп мәлімдеді.