Сионистік қалашықтардың тұрғындарының әл-Ақса мешітіне шабуылдары артты
Қыр 24, 2017 21:09 Asia/Almaty
Еврейлердің радикалды орталықтарының мәліметтері 2017 жылы сионистік қалашықтардың 20 000-нан астам тұрғынының әл-Ақса мешітіне шабуыл жасағанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш сионистік режимнің шамамен 14 000 тұрғыны әл-Ақса мешітіне кірген өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға артқан.
Иврит тіліндегі 0404 ақпарат базасының мәліметі бойынша, сионистік қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне қарсы шабуылы тамыз айында ұлғайған. Еврейлердің ғибадатханасы қиратылған күннің жылдығын еске алу күні шамамен 1200 сионист әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.