Ирактың Күрдістан аймағымен Иранның әуе шекаралары жабылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31091-Ирактың_Күрдістан_аймағымен_Иранның_әуе_шекаралары_жабылды
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің баспасөз хатшысы Ирактың Күрдістан аймағымен Иранның әуе шекараларының жабылғаны туралы хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 25, 2017 05:39 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағымен Иранның әуе шекаралары жабылды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің баспасөз хатшысы Ирактың Күрдістан аймағымен Иранның әуе шекараларының жабылғаны туралы хабарлады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің баспасөз хатшысы Кейван Хосрави жексенбі күні: «Ирактың орталық үкіметінің өтінішімен Иранның Солеймание мен Эрбильге қарай ұшатан рейстері, сонымен бірге Иранның үстінен Ирактың Күрдістан аймағына қарай өтетін әуе рейстері тоқтатылды»,- деп мәлімдеді.

Хосрави жексенбі күні таңертең Ирактың орталық үкіметінің Ирактың Күрдістан аймағымен Иранның шекараларын жабу талабын қарастыру мақсатында Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төтенше отырысының өткені туралы хабарлап: "Бұл отырыстың шешімі  бойынша Күрдістан аймағындағы әуежайларға қарай ұшатын Иранның рейстері тоқтатылды. Ирактың Күрдістан аймағының кейбір басшыларының асығыс шешімдері күрдтердің Ирактың егемендігін, Ирак пен аймақтағы күрд халықтарының қауіпсіздігі туралы келіссөздерді шынайы дағдарысқа тірейді»,- деді.