Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум басталды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31105-Ирактың_Күрдістан_аймағында_бөліну_туралы_референдум_басталды
Ақпарат көздері Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдумның басталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 25, 2017 12:35 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум басталды

Ақпарат көздері Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдумның басталғанын хабарлады.

Russia al yawm ақпарат арнасы дүниежүзі мен Ирактың Орталық үкіметінің қарсылығына қарамастан, Ирактың Күрдістан аймағындағы референдумның бүгін, дүйсенбі күні таңертең  басталғанын хабарлады.

Түркия Президенті бүгін дүйсенбі күні Ирактың Күрдістан аймағынан бөліну жөніндегі референдумға қатысты реакциясында Анкараның бұл референдумды заңсыз санап, ресми түрде қабылдамайтынын мәлімдеді. 

Түркия Сыртқы істер министрлігінің  мәлімдемесінде Ирактың Күрдістан аймағындағы бөліну жөніндегі референдумның Түркияның қауіпсіздігін нысанаға алатыны, сондай-ақ Анкараның қажетті іс-шара қолдануға дайындығы айтылды.

Осындай жағдайда Түркия Сыртқы істер министрлігі Ирактың Күрдістан аймағындағы азаматтарынан тез арада аймақтан кетуді  талап етті.

Түркия кеше жексенбі күні Ирактың Күрдістан аймағына қатынайтын әуе кеңістігін жапты. Сондай-ақ, Түркияның екі әуе жолы жа Ирактың Эрбиль бағытындағы рейстерін тоқтатты.