Қыр 26, 2017 14:45 Asia/Almaty
  • Басып алынған Құдс қаласында үш сионист өлді

Басып алынған Құдс қаласында бір палестиналық үш сионисті өлтірді.

«Меһр» ақпарат агенттігінің Ливанның Al-Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап берген мәліметі бойынша, сейсенбі күні таңертең басып алынған Құдс қаласының солтүстік-батысындағы сионистік қалашықтағы бір палестиналықтың оғынан үш сионист өліп, бір адам жарақат алды. Ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, оқ атқан палестиналық израильдік әскерилердің қолынан қаза болған.

Құдс пен әл-Ақса мешіті  2015 жылдың қазан айының бірінде Құдс интефазасының басталуынан бері сионистік қалашықтардың тұрғындары мен сионист әскерилердің шабуылдары және қақтығыстарына куә болуда. Осы кезеңде сионистердің қолынан шамамен 380 палестиналық қаза болды.

 

 

Тегтер