Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумнан кейінгі Нечирван Барзанидің сөзі
Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдум аяқталғаннан кейін аймақтың жергілікті департаментінің басшысы Нечирван Барзани референдумға қатысты халықаралық наразылықтардың алдын алу үшін: «Референдум келесі күннен бастап шекараны анықтап, аймақты бөлу дегенді білдірмейді»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Нечирван Барзани Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумға қатысқаннан кейін сөйлеген сөзінде: «Ирактың Күрдістан аймағында дүйсенбі күні өткен референдумға қатысу референдум өте салысымен келесі күні Күрдістанның бөлінуін жариялау дегенді білдірмейді. Сондай-ақ, референдум Күрдістанның шекарасын анықтауды көздемейді. Бізге көршілес елдер мен Бағдадтың біздің мақсатымыздың әлемге халқымыздың қалауын жариялау екенінен хабардар болғаны жөн. Біз өткен 20 жылдан артық уақытта көршілес елдер мен Иракқа аймақ тұрақтылығының факторы екенімізді дәлелдедік. Келешекте де аймақтың тұрақтылығы мен тыныштығының факторы боламыз»,- деді.