Ирак Парламентінің шешімдері және Күрдістанның заңсыз референдумының салдарлары
Ирак Парламенті Күрдістан аймағының Ирактан бөліну туралы референдум өткізуіне реакция білдіріп, күрдтер үшін маңызды жолдау болатын шешімдер қабылдады.
Ирак Парламенті Күрдістан аймағының Ирактан бөліну туралы референдум өткізуіне реакция білдіріп, бұл елдің Премьер-министрі Хейдар әл-Абадиді Күрдістан аймағымен арадағы шекараны жабумен бірге орталық үкіметтің әскери күштерін Киркук және Күрдістанмен қайшылыққа тірелген барлық аймақтарда орналастыруға міндеттеді. Бұл шешім маңызды жолдауларға ие. Оның екеуі саяси және қауіпсіздік салдарларға жатады: біріншісі – Ирактың билік құрылымынан күрдтерді шеттету немесе олардың рөлін әлсірету;
Референдум өткізу Иракқа көршілес күрд мемлекетін құру емес. Өйткені, бір жақтан жаңа мемлекет құру халықаралық қабылдауды қажет етеді. Израиль режимінен басқа барлық мемлекет Күрдістан аймағының Ирактан бөліну туралы референдумына қарсы болып, референдумды заңсыз деп атады. Ирак үкіметі Күрдістан референдумының Ирактан бөлінуге оң дауыс беруін қабылдамайтынын сан рет жариялады. Бұл жағдай мен Ирак Парламентінің шешіміне назар аударып, күрдтердің Ирак үкіметінен шеттелетіні немесе олардың рөлінің әлсірейтіні бірінші әрі ең маңызды хабар болды. Негізінде, 2005 жылдан бері күрдтер Ирак үкіметінде президенттік міндетті атқарып, Ирак Парламентінің 65 орны мен премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына да ие болып, маңызды рөл атқарған болатын. Осы салада Ирактың Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі әрі ел Парламентінің қазіргі өкілі Моавақ әл-Рабиғи осыдан кейін Ирактың 65 күрд өкілінің Парламенттің шешімдеріне әсері етпейтін жобаны іске асыруды көздеп отырғанын хабарлады. Ирактың «Хекмат» ағымының басшысы Сейед Амор Хаким де бұл туралы айтқан сөзінде референдумның күрдтер үшін ауыр шығын келтіретінін мәлімдеді.
Күрдістан аймағының Ирактан бөліну референдумының екінші салдары қауіпсіздік әрекеттерді, тіпті Күрдістан мен Бағдадтың орталық үкімет арасында соғыс ықтималын күшейтуі саналады. Ирак Үкіметі мен Парламентінің қайшылықтар байқалған аймақтарға, әсіресе Киркук пен Туз-Хурматуге әскери күштерін орналастыру шешімі және Хейдар әл-Абадидің Ирак полициясына Күрдістан аймағының бақылауындағы аймақтарда өмір сүретін азаматтарды қысым мен қоқан-лоққылардан қорғау бұйрығы күрдтер мен Ирак үкіметі арасындағы қақтығыстар мен соғыс ықтималын көрсетеді. Өйткені, Киркукте Пишмарге күштерінің бір бөлімі орналасқан. Олар Күрдістан аймағының Ирактан Киркуксыз бөлінуін қаламайды. Бірақ, Киркук Күрдістан аймағының бөлігі болып саналмайды.
Осы салада Ирак Вице-президенті Нури Малеки Күрдістан аймағының референдумын «Ирак халқына қарсы соғыс жариялаудын бір түрі» деп атап: «Референдумның өтуі жалпы Ирактың, жеке алғанда Күрдістанның келешегі үшін қатерлі»,- деді. Ирак үкіметі ел аумағының заңсыз әрекеттің арқасында бөлінуін қабылдамайды. Ирак пен елдің Күрдістан аймағы бейберекеттіктер, тіпті соғыс қарсаңында тұр. Егер қақтығыс немесе соғыс орын алса, басқаларға қарағанда Ирактың күрдтері көбірек зардап шегіп, Масуд Барзанидің билікқұмарлығының құрбаны болады.