Барзани: Бөліну туралы референдум өткізуге Ирактың Конституциясы рұқсат берді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31171-Барзани_Бөліну_туралы_референдум_өткізуге_Ирактың_Конституциясы_рұқсат_берді
Ирактың Күрдістан аймағының басшысы бос сөздерін жалғастырып: «Ирактың Конституциясы Ирактың Күрдістан аймағының басшыларына бөліну туралы референдум өткізуге рұқсат берді»,- деген уәж айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 27, 2017 12:18 Asia/Almaty
  • Барзани: Бөліну туралы референдум өткізуге Ирактың Конституциясы рұқсат берді

Ирактың Күрдістан аймағының басшысы бос сөздерін жалғастырып: «Ирактың Конституциясы Ирактың Күрдістан аймағының басшыларына бөліну туралы референдум өткізуге рұқсат берді»,- деген уәж айтты.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Масуд Барзани сейсенбі күні әрқашан Ирактың Күрдістан аймағының басшыларымен  қайшылықтарды шешіп, елдің территориядық тұтастығын қорғау мәселелеріне қатысты келіссөздерге мүдделі болған Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абадиді келіссөздердің есігін жабуға талпыныс жасады деп айыптады.  Барзани Ирактың Күрдістан аймағында өткен бөліну туралы референдумды «аймақ халықтарының жеңісі» деп атап: «Бағдад Ирактың Конституциясына табанды емес»,- деді.

Ирак Хизболласы батальондарының баспасөз хатшысы Сейед Джафа әл-Хосейни: «Масуд Барзани бөліну туралы референдум өткізіп, Иракқа опасыздық жасады»,- деп мәлімдеді. Сейед Джафар әл-Хосейни Ирактың Күрдістан аймағында өткен референдумның артында АҚШ пен сионистік режим тұр деп: «Америкалықтардың негізгі ұстанымы  Бағдад Ирактың бөліну қатеріне қарсы шынайы шара қолданған кезде анықталады»,- деді.