Ирактың Күрдістан аймағында әуе санкциялары іске асырылды
Жұма күні Эрбиль әуежайынан соңғы халықаралық рейстің ұшып кетуімен Ирактың Күрдістан аймағында әуе санкциялары ресми түрде іске асырылды.
Ирактың Орталық үкіметі бейсенбі күні Күрдістан аймағының елден бөліну туралы референдум өткізуіне реакция білдіріп, жұмадан бастап Күрдістан аймағына ұшатын барлық халықаралық әуе рейстерінің тоқталатыны туралы хабарлады.
Ирак үкіметінің баспасөз хатшысы Саад әл-Хадиси Эрбил мен Солеймание және Ирактың басқа әуежайлары арасындағы ішкі рейстердің жалғасатынын мәлімдеді.
Ирак Премьер-министрі Хейдар әл-Абади да жұма күні Орталық үкіметтің Күрдістан аймағы шекараларының бақылауға алынғаны туралы хабарлап: «Бұл іс-әрекет есірткі котрабандасы мен бұзақылыққа тосқауыл қою үшін қолданылуда»,- деді.
Иранның Жол және транзит ұйымы да осы ретте: «Ирактың Орталық үкіметінің өтінішімен Ираннан Күрдістан аймағына мұнай өнімдерін тасымалдау тоқтатылды»,- деп мәлімдеді.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рэкс Тиллерсон Вашингтонның Күрдістан аймағының Ирактан бөліну туралы референдумының нәтижелерін ресми түрде қабылдамайтынын қуаттады.