Йемен Израильге ескерту жасады
Йемен армиясының баспасөз қызметі хатшысының орынбасары Қызыл теңіздегі Эритрея аралында орналасқан сионистік режимнің әскери базаларының йемендік зымырандардың нысанасына алынуы туралы ескерту жасады.
Йемен армиясының баспасөз қызметі хатшысының орынбасары полковник Азиз Рашед кеше жұма күні: «Сионистік режим саудиялық шапқыншы күштерге Эритрея аралындағы өзінің әскери базаларын Йеменге қарсы пайдалануға рұқсат етеді»,- деп жариялады.
Йемендегі өзгерістер Йемен армиясы мен халқының тек саудиялық шапқыншылармен ғана емес, сонымен қатар АҚШ және сионистік режимнің аймақтағы билікқұмар мақсаттарымен күресіп отырғанын көрсетті. АҚШ пен сионистік режим ислам үмбетін нысанаға алып, оларды әлсіретіп, соңында жоюды мақсат етуде. Бірақ, йемендіктердің Сауд Арабиясы режимі мен оның одақтастарына қарсы әртүрлі әскери салалардағы күнделікті жетістіктері бұл елдің әрекет саласындағы теңгерімнің Йемен халқының мүддесіне өзгергенін, сионистік режим сынды дұшпанның соққы көргенін көрсетті. Сауд Арабиясы шапқыншы күштерінің Йеменге қарсы гибридтық соғыстағы өзі мен одақтастарының мақсаттарына жете алмауы олардың қолдаушыларын алаңдатты. Бұл мәселе америкалықтар мен сионистердің өткен апталарда Йемен халқына қарсы дұшпандық әрекеттерін арттыруына себеп болды.
Сионистік режим өткен жылдары өзінің экспансиялық мүдделерінің аясында Сомали мен Эритреяның арқасында Қызыл теңіздегі аралдары мен Баб эл-Мандеб бұғазының айналасын басып алды. Баб эл-Мандебтің стратегиялық бұғазы Йемен, Джибути және Эритреяның ортасында орналасқан. Йеменнің Қызыл теңіз бен Үнді мұхиты қосылатын Баб эл-Мандеб бұғазын бақылау бұл ел үшін ерекше стратегиялық жағдай тудырды. Осы мәселе әлемдік және аймақтық елдер мен сионистік режим сынды билікқұмар режимдердің Йеменге көз тігуіне себеп болды. Сауд Арабиясы мен Израильдің Йемен жағалауындағы әрекеттерінің мақсаты Йемен мен басқ елдер арасындағы қарым-қатынас жолдарын жабу болып отыр. Шапқыншылар әскери тұрғыдан Йеменге қысым көрсете алмағаннан кейін жағалауды нысанаға алып, йемендіктерге экономикалық қысым көрсетуге кірісті. Мұндай жағдайда Ансаролланың Йеменге қарсы перденің артындағы қастықтардың мақсаттарын нақты бағалауы мен Йемен халқының қаһармандықпен қарсыласуы іс жүзінде қастық жасаушыларды сәтсіздікке ұшыратып, оларды тығырыққа тіреді. Сионистік режим Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысын қолдап, басқа мақсатты, атап айтқанда аймақ елдерін бір-бірімен көбірек қақтығыстырып, оларды әлсіретіп, аймақтағы өз жағдайын күшейтуді көздеуде.
Сондай-ақ, Йеменді бірнеше федералдық аймаққа бөлу туралы күмәнді жоба да баяндалуда. АҚШ басқарған Батыс үкіметтері мен сионистік режимнің қастық жобаларының әшкереленуі олардың «Таяу Таяу Шығыс» жобасын іске асыру үшін аймақ елдерін бөлшектеу мақсаттарын көрсетті. Осыған орай қоғамдық пікір АҚШ пен сионистік режимнің Йемендегі әрекеттеріне ерекше назар аударып, Йемен халқы сан рет олардың араласушылықтарына жиіркеніштерін жариялады.