Ирактың діни тұлғалары Күрдістанның бөлінуіне қарсы
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31269-Ирактың_діни_тұлғалары_Күрдістанның_бөлінуіне_қарсы
Ирактың діни тұлғалары осы тарихи кезеңде ресми көзқарастарын тағы жариялап, Күрдістанда өткен референдумға қарсылық танытып, елдің аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 01, 2017 13:38 Asia/Almaty
  • Ирактың діни тұлғалары Күрдістанның бөлінуіне қарсы

Ирактың діни тұлғалары осы тарихи кезеңде ресми көзқарастарын тағы жариялап, Күрдістанда өткен референдумға қарсылық танытып, елдің аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.

Аятолла Систанидің өкілі сейіт Ахмад әс-Сафи Кербалада өткен жұма намазының құтпаларында: «Біз Ирактың Күрдістан аймағында өткен референдумға қатты қарсымыз. Ирактың бірлігі мен біртұтастығы сақталуы керек. Бүкіл халықтан Ирак Конституциясының рухы мен мәтініне берік болуды сұраймыз»,-деді.

Ирак жаңа мыңжылдықта қазір басқа кезеңнен көбірек соғыс, тұрақсыздық, бейберекеттік пен қатігездікке куә болып отыр. Бұл ел енді бөліну деген жаңа мәселемен бетпе-бет келгелі отыр. Күрдістан аймағында заңдылық дағдарысына ұшырап отырған Масуд Барзани бастаған Ирак күрдтері 25 қыркүйекте Ирактан бөліну туралы референдум өткізіп, осы елден бөлінуді қалайтындарын білдірді.  Бұл заңсыз әрекет Иракты тағы да жаңа дағдарысқа итермелеп отыр. Осындай жағдайда Ирак өз жеріндегі ДАИШ тобы белсенділігінің соңғы күндерін бастан өткеруде.

Осы уақытқа дейін  ішкі және шетелдік кеңестер мен ескертпелер Масуд Барзани мен Күрдістан аймағы үкіметінің бөлінуді талап ету қатынасынан бас тартуына себеп бола алмады. Күрдістан аймағы үкіметінің тайпалық идеологияға негізделген саяси қырсықтығы әлі жалғасып жатыр. Осы арада кеше Ирактың діни тұлғаларының өткен референдумға және бөлінуге талпыныстарға қарсы ресми көзқарастары жарияланды.

Ирактағы діни тұлғалар діни және ұлттық тұрғылардан маңызды рөл атқарады. Діни рөл Ирак халқының діни болмысын назарға алып, діни тағылымдар мен халықтың заңды қажеттіліктері қалыбында атқарылады. Ал Ирактың діни тұлғаларының ұлттық рөлі бәрінен бұрын елдің аумақтық тұтастығы мен ұлттық мүдделерін сақтау мақсатында атқарылады. Осыған орай, Ирактың діни тұлғалары 2014 жылы ДАИШ лаңкестері Ирак жерінің бірнеше бөлігін жаулап алғаннан кейін халықтық ерікті күштер құру туралы пәтуа шығарды. Сол халықтық ерікті күштер ДАИШ-ты жеңіп, басып алынған аймақтарды тазартуда айшықты рөл атқарды.  Ирактың діни тұлғалары қазір тағы да осы елдің тарихи мезеттерінің бірінде өздерінің ресми көзқарастарын білдіріп, Ирак Күрдістанының бөлінушілік қатынасына қарсылық танытып, ел Конституциясының рухы мен мәтініне сәйкес аумақтық тұтастықтың сақталуын талап етті.

Ирактың діни тұлғаларының рөліне қатысты маңызды жайт мынада:  бұл тұлғалар өз рөлдерін үкімет басында отырғандарды назарға алып атқармайды, саясатқа араласып, ағымаралық араздық тудырмайды. Сол себепті Ирактың діни тұлғаларының көзқарасы қорытынды үкім болып түсініліп, оны орындамау Ирак халқының діни болмысына немқұрайдылықпен қарау саналады.

Ирактың діни тұлғалары бөлінушілік қатынасына қарсылықтарын ресми түрде жариялаған соң енді Масуд Барзани мен Күрдістан аймағының үкіметі қатаң сынақтың алдында тұр. Бұл сынақтағы сәтсіздіктердің Күрдістан аймағы мен Барзанидің жеке басы үшін ауыр салдары болуы мүмкін.