«Гаарец» газеті Мьянманың мұсылмандарға жасап жатқан геноцидіндегі Израильдің рөлін мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31287-Гаарец_газеті_Мьянманың_мұсылмандарға_жасап_жатқан_геноцидіндегі_Израильдің_рөлін_мойындады
Израильдің «Гаарец» газеті «Израиль Мьянма армиясы рохинья мұсылмандарына жасап жатқан геноцидте рөлге ие.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 02, 2017 15:24 Asia/Almaty
  • «Гаарец» газеті Мьянманың мұсылмандарға жасап жатқан геноцидіндегі Израильдің рөлін мойындады

Израильдің «Гаарец» газеті «Израиль Мьянма армиясы рохинья мұсылмандарына жасап жатқан геноцидте рөлге ие.

Еуропалық және солтүстік америкалық елдер Мьянмаға қару-жарақ жіберуді тоқтатқан жағдайда Израиль Мьянма армиясына рохинья мұсылмандарын азаптап, жаппай қыруы үшін көмектесу шеңберінде бұл әрекетін әлі жалғастыруда» деп жазды.

Сионистік газет Израильдің бір ұлтты жоюды мақсат еткен елдерге қару сатудағы тарихына тоқталып: «Израиль 1990 жылдары геноцид жасаған Руанда мен Сербия үкіметтеріне қару сатқан. Мьянма армиясының Бас қолбасшысы Мин Аун Хланг 2015 жылдың қыркүйек айында Израильге сапармен барып, израильдік қару шығаратын маңызды компаниялармен сұхбаттасып қайтқан болатын» деп жазды.

Жарияланған статистикаға сәйкес, Мьянма армиясының тамыз айының 25-нен бергі осы елдің батысындағы Рахкайн провинциясындағы рохинья мұсылмандарына жасаған шабуылдары салдарынан 6000-нан астам мұсылман өлтіріліп, кемінде 8000 адам жараланып, 5000-нан астам мұсылман Бангладешке қашып кеткен.