Зариф: Аймақтағы дағдарыстардың әскери шешім жолы жоқ
Иран Сыртқы Істер Министрі Дохада Катар әмірімен кездесуде аймақ дағдарыстарының ешбіреуінің әскери шешім жолының жоқ екендігін, сондықтан барлық тараптардың келіссөздер мен бейбіт шешім жолдарына берік болуы тиістігін баса айтты.
Иран Телерадио ұйымына қарасты хабар агенттігінің мәліметі бойынша Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Дохада Катар әмірі шейх Тамим Бен Хамад Ал Танимен кездесуде аймақтың сезімтал жағдайы мен қатігез қақтығыстардың зиянды салдарларына шолу жасап: «Иран барлық тараптар тұрақтылық пен ұжымдық қауіпсіздік саласындағы аймақтық бастамаларға бірінші кезекте көңіл аударуы керек деп санайды» деді.
Зариф Иранның өзінің барлық көршілерімен ең жақсы байланыста болуды мақсат ететін принципті саясатын қуаттап, Иран мен Катардың барлық салалардағы жан-жақты байланыстарының бұрынғыдан бетер кеңейіп, екі елдің ресми органдары халықтар араласып, жеке сектордың бір-бірінің сауда-экономикалық мұрсаттарын пайдалануы үшін мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді әзірлеуіне үміт білдірді.
Катар әмірі шейх Тамим Хамад Ал Тани да кездесуде Иранның аймақтық мәселелерге қатысты көзқарасын құптап, аймақтағы қазіргі дағдарыстар үшін бейбіт шешім жолдарын табу керектігін айтып, аймақ елдерімен, соның ішінде Иранмен үздіксіз кеңесулер өткізуді қажеттілік деп атады.