Иран Сыртқы істер министрі Джалал Талебанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Иран Сыртқы істер министрі Ирактың бұрынғы Президенті Джалал Талебанидің қайтыс болуына байланысты Ирак үкіметі мен халқына көңіл айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф өз жолдауында Ирактың бұрынғы Президенті Джалал Талебанидің қайтыс болуына өкініш білдіріп: "Талебани – Ирактың ықпалды, танымал әрі еліне жақсылық тілеп, өз өмірін халқының азаттығы мен беделіне, тәуелсіздігіне, сонымен бірге территориялық тұтастығы мен ұлттық бірлігін сақтауға арнаған тұлғалардың бірі",- деп жазды.
Бағдадтағы Иранның елшісі Ирадж Маджеди де Ирак Президенті Фуад Масумге жіберген жолдауында Ирактың бұрынғы Президентінің қайтыс болуына өкініш білдіріп, Джалал Талебанидің ұзақ жылдар бойы БААС диктатурасымен күрескенін атап өтті.
Джалал Талебани 2012-ші жылдың соңында инсультқа ұшырап, емделу үшін Германияға барып, бір жарым жылдан кейін Ирактың Күрдістан аймағына оралды. Содан соң денсаулығы нашарлап, қайтадан Германияға аттанды. Ол кеше, сейсенбі күні 84 жасында қайтыс болды.