Қаз 04, 2017 19:01 Asia/Almaty
  • Сирия америкалық коалицияның қылмыстарын тоқтатуды сұрады

Сирия Сыртқы Істер Министрлігі БҰҰ-ның Бас хатшысы мен осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінен Сириядағы Американың басшылығындағы «ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция» деп аталатын одақтың қылмыстарын доғаруды сұрады.

IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша Сирияның СІМ сейсенбі күні БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жазған жеке-дара хаттарында Сириядағы Американың басшылығындағы «ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция» деп аталатын одақтың қылмыстарының жалғасуына сілтеме жасап, олардан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау деген өздерінің міндеттерін орындауды сұрады

Сирия СІМ-нің хаттарында америкалық коалиция қырғи ұшақтарының қазан айының бірі және екісі күндеріндегі Дейр эз-Зоур облысы мен Ракка қалаларындағы ауылдарды бомбалаған, 57 бейбіт тұрғынның қаза табуына себеп болған қылмыстары айтылды.  

Американың басшылығындағы «Халықаралық коалиция» деп аталатын одақтың Ирак пен Сирияға шабуылдарын бақылайтын Airwars тобы жуырда 2014 жылдан осы уақытқа дейін Ирак пен Сириядағы америкалық коалицияның әуе шабуылдарында шамамен 3000 бейбіт тұрғынның мерт болғанын жария етті. 

 

Тегтер