Бағдад Иран мен Түркиядан Ирактың Күрдістан аймағындағы шекараларын жабуды сұрады
Ирактың Орталық үкіметі Иран Ислам Республикасы мен Түркиядан Ирактың Күрдістан аймағындағы шекараларын жабуды сұрады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак СІМ жұма күні кешке мәлімдеме жариялап: "Бағдад үкіметі Бағдадтағы Иран мен Түркия елшіліктерінен Ирактың Күрдістан аймағындағы шекараларын жабуды ресми түрде сұрады",- деп хабарлады.
Ирак СІМ мәлімдемесінде Иран мен Түркия Ирактың Күрдістан аймағымен барлық сауда және тауар байланыстарын, әсіресе мұнай саудасын тоқтату қажеттігін баса айтты.
Ирак СІМ өз мәлімдемесінде ИИР мен Түркиядан бұдан былай шекара мәселесіне қатысты Ирактың Орталық үкіметімен әрекеттестік жасауды сұрады.
Ирак үкіметінің елдің Күрдістан аймағымен шекараларды жауып, блокада жариялауға бағытталған шаралары Ирактың Күрдістан аймағы бөліну туралы референдум өткізгеннен кейін қабылданды.