Сионистер хазірет Ибраһимнің кесенесіне шабуыл жасады
Бүгін, сейсенбі күні сионистік қалашықтың мыңдаған тұрғыны Израиль қауіпсіздік күштері және әскерилерінің бақылауымен әл-Халилдегі хазірет Ибраһимнің кесенесіне шабуыл жасады.
Палестина ақпарат орталығының мәліметтері бойынша әл-Халил қаласы осы күндері хазірет Ибраһим кесенесінің жанына дуал тұрғызу және сионистік режимнің осы қаладағы қалашықтарын кеңейтуге бағытталған шешіміне қарсы наразылық шерулердің артуы мен палестиналықтардың сионистік басқыншылармен қақтығыстарына куә болып отыр. Сионистік режимнің әскерилері дүйсенбі күні діни мереке сылтауымен хазірет Ибрахимнің мешітіне намазхандарды кіргізбей, есігін жауып, азанның айтылуына тыйым салды. Қақтығыс салдарынан бірнеше палестиналық қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақаттанды. 2001 жылдың басында БҰҰ-на қарасты Білім, ғылым, мәдениет ұйымы (UNESCO) Йордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әлемдік мұра әл-Халил қаласына израильдік саясаттардың салдарынан қауіп төніп тұрғанын жариялады.