Америка коалициясының қылмыстары аяқталмайды
Қаз 13, 2017 18:19 Asia/Almaty
АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы коалицияның әскери ұшақтарының Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына жасаған шабуылы салдарынан 35 сириялық азамат қаза болды.
Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша шабуылда сонымен қатар біраз адам жарақат алды.
Қазанның 4 күні де америкалық қырғи ұшақтар Раккада көптеген сириялықты қанға бөктірген болатын.
АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Ирак пен Сирияға қарсы шабуылдарын бақылауға алып отырған мониторинг тобы 2014 жылдан осы уақытқа дейін Ирак пен Сирияда америкалық коалицияның әуе шабуылдары салдарынан 3000-нан астам әскери емес қарапайым адамдардың қаза болғанын жариялады.