Америка коалициясының қылмыстары аяқталмайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31667
АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы коалицияның әскери ұшақтарының Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына жасаған шабуылы салдарынан 35 сириялық азамат қаза болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 13, 2017 18:19 Asia/Almaty
  • Америка коалициясының қылмыстары аяқталмайды

АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы коалицияның әскери ұшақтарының Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына жасаған шабуылы салдарынан 35 сириялық азамат қаза болды.

Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша шабуылда сонымен қатар біраз адам жарақат алды.

Қазанның 4 күні де америкалық қырғи ұшақтар Раккада көптеген сириялықты қанға бөктірген болатын.

АҚШ басқарған ДАИШ-ке  қарсы халықаралық коалицияның Ирак пен Сирияға қарсы шабуылдарын бақылауға алып отырған мониторинг тобы 2014 жылдан осы уақытқа дейін Ирак пен Сирияда америкалық коалицияның әуе шабуылдары салдарынан 3000-нан астам әскери емес қарапайым адамдардың қаза болғанын жариялады.