Сионистер әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31781-Сионистер_әл_Ақса_мешітіне_шабуыл_жасады
Дүйсенбі күні сионистік қалашықтың ондаған тұрғыны Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, қасиетті мекенді қорлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 16, 2017 16:57 Asia/Almaty
  • Сионистер әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады

Дүйсенбі күні сионистік қалашықтың ондаған тұрғыны Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, қасиетті мекенді қорлады.

Сионистік қалашықтардың ондаған тұрғыны дүйсенбі күні израильдік әскерилердің қолдауымен Баб әл-Мағаребе тарапынан «әл-Ақса» мешітіне баса-көктеп кіріп, мешіттің ішінде бос сенделіп жүрді. Бұл шабуыл белсенді сионистік топтардың «әл-Ақса» мешітін бұзып, ғибадатхана салу үшін жасаған ауқымды үндеулеріне қолдау ретінде жасалды.

Бейт ул-Мұқаддас исламдық ұйымдары жуырда мәлімдеме жариялап, сионистік әскерилер мен қалашық тұрғындарының Әл-Ақса мешітіне жасап жатқан әскери шабуылдарының ауыр салдарлары жөнінде ескерткен болатын.