Сионистер әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
Қаз 16, 2017 16:57 Asia/Almaty
Дүйсенбі күні сионистік қалашықтың ондаған тұрғыны Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, қасиетті мекенді қорлады.
Сионистік қалашықтардың ондаған тұрғыны дүйсенбі күні израильдік әскерилердің қолдауымен Баб әл-Мағаребе тарапынан «әл-Ақса» мешітіне баса-көктеп кіріп, мешіттің ішінде бос сенделіп жүрді. Бұл шабуыл белсенді сионистік топтардың «әл-Ақса» мешітін бұзып, ғибадатхана салу үшін жасаған ауқымды үндеулеріне қолдау ретінде жасалды.
Бейт ул-Мұқаддас исламдық ұйымдары жуырда мәлімдеме жариялап, сионистік әскерилер мен қалашық тұрғындарының Әл-Ақса мешітіне жасап жатқан әскери шабуылдарының ауыр салдарлары жөнінде ескерткен болатын.