Иран Телерадио бірлестігі Ливан Хезболласымен мәдени және ақпарат саласындағы әріптестіктерін арттырады
ИИР Телерадио бірлестігі мен Ливан Хезболласы мәдени және БАҚ саласындағы әріптестік меморандумына қол қойды.
Ливанның Al-Manar арнасының телеғимаратында ИИР телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Әли Аскари мен Ливанның Хезболла партиясының атқарушы Кеңесінің басшысы шейх Хашем Сафиаддин қол қойған меморандумға сәйкес, екі тарап қарсыластық өзектерінің ақпараттық майданын нығайту үшін өздерінің әртүрлі әлеуеттерін пайдаланатын болады.
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы меморандумға қол қоймас бұрын, Al-Manar телеарнасының әртүрлі бөлімдерін аралап, ливандық телеарнаның жұмысымен жақынырақ танысты.
Әли Аскари осы экскурсия барысында Ливан Хезболласының БАҚ саласындағы талпыныстарына алғыс айтып: "Бұл талпыныстар көптеген халықаралық теңгерімдерді бұзды",-деді.
Ливанның Al-Manar арнасының басшысы Ибраһим Фархат қарсылыласу майданының ақпараттық маңызды жауапкершілігіне сілтеме жасап: "Бүгін қарсыласу майданы күрес алаңында жеңіске жетіп отырған кезде бұл жетістіктер БАҚ-да дұрыс әрі нақты көрініс табуы қажет",-деді.