Иран мен Түркия экономикалық байланыстарын нығайтуға күш салуда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31848-Иран_мен_Түркия_экономикалық_байланыстарын_нығайтуға_күш_салуда
ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангири Теһран мен Анкараның өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға күш салып жатқанын айтып: "Екі ел өзара сауда айналымын жылына 30 млрд долларға жеткізу үшін бағдарламалар жасады",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 20, 2017 14:17 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия экономикалық байланыстарын нығайтуға күш салуда

ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангири Теһран мен Анкараның өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға күш салып жатқанын айтып: "Екі ел өзара сауда айналымын жылына 30 млрд долларға жеткізу үшін бағдарламалар жасады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Джахангири бейсенбі күні Анкарада Түркия Премьер-министрі Бинали Илдириммен бірге  өткізген баспасөз конференциясында Илдириммен кездесуде қозғалған тақырыптарға тоқталып, Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының дағдарысын шешу жəне оларды қырып-жоюды тоқтату, сонымен қатар Палестина мəселесінің талқыланып, Палестина халқының барлық құқықтарға қол жеткізу қажеттігі қуатталғанын мәлімдеді.

Түркияның Премьер-министрі Бинали Илдирим да баспасөз конференциясында Иранмен сауда қатынасында ұлттық валюталарды қолданудың болашақта екі елдің сауда қатынасын кеңейту жолындағы алғашқы қадам болатынын баса айтты.

Иран мен Түркияның лауазымды тұлғалары Джахангири мен Илдиримнің кездесуі аясында ғылым мен технология саласында əріптестік жасау туралы 2 меморандум мен қоршаған орта саласында ынтымақтастық жасау туралы бір құжатқа Түркия Премьер-министрінің кеңсесі орналасқан Чанкая сарайында қол қойды.