Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізудегі Барзанидің қате болжамдарының салдарлары
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31851-Ирактың_Күрдістан_аймағында_бөліну_туралы_референдум_өткізудегі_Барзанидің_қате_болжамдарының_салдарлары
Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізудегі Масуд Барзанидің қате есептеуінің салдарлары бәрінен бұрын осы аймақтың жергілікті деңгейінде айқын байқалды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 20, 2017 15:25 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізудегі Барзанидің қате болжамдарының салдарлары

Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізудегі Масуд Барзанидің қате есептеуінің салдарлары бәрінен бұрын осы аймақтың жергілікті деңгейінде айқын байқалды.

Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум 25 қыркүйекте Масуд Барзанидің талабымен өтті. Содан кейінгі үш апта барысында Киркук облысында орын алған оқиғалардан Масуд Барзанидің есептеуде қателік жібергені айқын болды. Барзанидің бірінші қателігі Ирак үкіметі, аймақтық және халықаралық алпауыттарды сынауды мақсат тұтуы болды. Саясат саласында қарсы тараптың ерік-жігерін сынау – ақылға сыймайтын үлкен қатер. Оның осы күнге дейін Киркуктағы Күрдістан аймағында орын алған оқиғалардан әлдеқайда ауыр құны болуы мүмкін. Ирак үкіметі осы елдің аумақтық тұтастығын сақтау үшін мықты ерік-жігерге ие екенін көрсетті. Бағдадтың бұл еркі аймақтық  және трансаймақтық алпауыттардың қолдауына ие болды. Масуд Барзанидің ұлы Масрур Барзани өткен бірнеше күн барысында халықаралық қауымдастықтың Ирактың аумақтық тұтастығын қорғауға осыншалықты жақтасады деп ойламағанын мойындады. Бұл мойындау әкесі Масуд Барзанидің есептеуде қателік жібергенін қабылдағанын білдіреді. 

Есептеудегі бұл қателік осы уақытқа дейін Күрдістан аймағы үшін көптеген теріс салдарлар әкелді.  Ең маңызды салдарлардың бірі – Демократиялық партияның басқа партияларға, соның ішінде Күрдістан патриоттық одағына   айыптар таққаннан кейін Күрдістан аймағы деңгейінде ішкі қайшылықтардың пайда болуы. Бұл ішкі қайшылықтар Күрдістан аймағының өткен кезеңдерге, яғни Иракта Саддам режимі құлатылғанға дейінгі кезеңге қайтып оралғанын білдіреді. Масуд Барзанидің есептеуіндегі қателіктің тағы бір салдары – оның Күрдістан аймағының саяси жүйесіне әсері. Осыған орай, 18 қазан күні жиналыс өткізуі тиіс болған Күрдістан Парламенті оны белгісіз уақытқа кейінге қалдырды. Күрдістан Парламентінің төрағасы Юсеф Мұхаммад аймақтың басшысы Масуд Барзаниден тағы да биліктен кетуді сұрады. Осындай жағдайда қараша айының басында өтуі тиіс болған Күрдістан Парламенті мен үкіметінің сайлауы да кейінге қалдырылды.

Тіпті енді Масуд Барзани мен Демократиялық партияның іс-әрекеттер үлгісі саяси рационализмге сәйкес келмесе, 1990 жылдардың басында Күрдістан аймағында азамат соғысы басталғандай қатерлі салдарлар болуы мүмкін. Сол себепті Күрдістан патриоттар одағы партиясының саяси кеңсесінің басшысы Молла Бахтияр Күрдістан аймағының екіге бөлінуі мен ішкі қақтығыстардың басталу ықтималын ескертіп, 1990 жылдардағы Патриоттар одағы мен Демократиялық партия арасындағы азамат соғысын еске салды. 

Күрдістанның жергілікті үкіметі мен Бағдад үкіметі соңғы өзгерістерде бір-біріне қарсы келіп, келіссөздер мен диалогтың есігі белгілі бір деңгейде жабылғанымен, Киркукте орын алған оқиғалар келіссөздер мен диалогтың әлі де тараптар арасындағы қайшылықтарды шешудің ең жақсы жолы екенін дәлелдеп берді.