Стамбулда сегіз исламдық дамушы ел басшыларының 9-шы саммиті өтті
(last modified Sat, 21 Oct 2017 12:40:15 GMT )
Қаз 21, 2017 18:40 Asia/Almaty
  • Стамбулда сегіз исламдық дамушы ел басшыларының 9-шы саммиті өтті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазанның жиырмасы жұма күні Стамбулда өткен сегіз исламдық дамушы ел басшыларының (D8) тоғызыншы саммитінде әлемнің мұсылман мемлекеттерінің жоғары экономикалық әлеуеттеріне ерекше тоқталып, осы топқа мүше елдер арасындағы экономикалық тауар айналымының көлемін арттыруды сұрады.

Бұл саммиттің басында Ердоған D8 тобының кезеңдік басшысы ретінде егер осы топқа мүше елдер арасындағы сауда-саттықта ұлттық валюталарды пайдалану жолын шеше алатын болса, сегіз исламдық дамушы елдер тобы (D 8) тарихында үлкен қадам жасайтындықтарын мәлімдеді.

D8 тобы – мүше елдердің экономикалық ынтымақтастықтарын нығайту және кеңейту мақсатында Иран, Түркия, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия, Малайзия, Мысыр мен Нигерия елдерінің мүшелігімен 1997 жылы өз жұмысын бастаған сегіз исламдық дамушы елдің экономикалық одағы. Бұл топ басшыларының 9-шы саммитінің тақырыбы дәл осы мақсатта топ мүшелерінің белгіленген мақсаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастарды бұрынғыдан көбірек дамытып, тереңдету үшін "Мүмкіндіктерді арттыру үшін ынтымақтастық" деп аталды. Әсіресе, D8 тобының Жарғысында сауда-саттық, өнеркәсіп, байланыстар, ақпарат, банк саласы, жекешелендіру, шалғай қалаларды экономикалық тұрғыдан дамыту, технология, кедейшілікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтардың қажеттілігі қуатталған. Сондай-ақ, адами ресурстар, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта, туризм, мәдениет пен спорт салаларын дамыту D8 тобына мүше сегіз ел назар аударған және келешекте де аударатын мәселелердің қатарын құрайды. Шынтуайтында, бұл елдердің басшыларының кезеңдік саммиттері мүше елдерге қатысты экономикалық, мәдени, өнеркәсіптік мәселелердің ең жоғары деңгейде қарастырылып, алдағы қиындықтарды шешу үшін қажет шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастырды. Сол себепті, бұл топқа мүше елдер басшыларының саммиті өткізілместен бұрын, D8 тобына мүше елдердің бизнесмендері мен сауда ұйымдарының қатысуымен D8 тобының сауда-экономикалық комиссиясының отырысы өткізілген болатын. Бұл отырыстың өткізілуі сауда ынтымақтастығы басымдығының арнайы түрде осы топтың күн тәртібіне енгізілгенін көрсетті.

Шындығында, D8 тобының құрылғанына он жылдан астам уақыт өтсе де, дамушы елдердің әлемдік экономика жүйесіндегі орнын жоғарылату мәселесі мен сауда қатынастарын қайта анықтаумен қатар жаңа мүмкіндіктерді тудыру үшін талпыныс мәселесі әлі де D8 тобы мүшелерінің негізгі мақсаттарының қатарын құрып отыр. Егер халықаралық шешім қабылдау мен мүше мемлекеттердің халқына қоғамдық әл-ауқат стандарттарын жақсарту үшін талпынысқа атсалысу жиынтығына назар аударатын болсақ, сол кезде ислам әлеміндегі D8 тобы қызметінің рөлінің маңызын түсінуге болады. Бәлкім, D8 тобына мүше елдердің барлығының Исламдық ынтымақтастық ұйымына мүшелікке кіруі олардың өз бағдарламалары принциптерін қадағалау үшін жасаған мүмкіндігі шығар. Бұл жағдай D8 тобын Ислам ынтымақтастық ұйымы (ECO) және Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақтастық асоциациясы (SAARK) секілді аймақтық екі ұйыммен байланыс көпіріне орналастырды. Мұндай әлеуетке қарамастан, сегіз исламдық дамушы елдің D8 тобының өзінің сауда және кедендік байланыстарын нығайтуды көздеп, ашық сауда-саттық жүйесін құру жолындағы кедергілерді жоюды күн тәртібіне енгізуі табиғи жағдай саналады. Мүмкін, сол себепті және дәл осы мақсат пен басымдыққа байланысты Стамбулда өткен D8 тобына мүше елдер басшыларының тоғызыншы саммитінің күн тәртібінде сауда ынтымақтастықтарын кеңейту мәселесі басты тақырып болды. Бұл тақырып Түркия президентінің мүше елдерді сауда істерін сол елдердің ұлттық валютасымен жүзеге асыруға шақыруына себеп болған мәселе саналады.

 

Тегтер