Сионистік режим Сирия жеріне шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31870-Сионистік_режим_Сирия_жеріне_шабуыл_жасады
Сионистік режим лаңкестік топтардың көрген ауыр шығындарынан кейін оларды қолдау мен рухын көтеру мақсатында Канитарадағы Сирияның әскери базаларының біріне шабуыл жасады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 22, 2017 08:23 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Сирия жеріне шабуыл жасады

Сионистік режим лаңкестік топтардың көрген ауыр шығындарынан кейін оларды қолдау мен рухын көтеру мақсатында Канитарадағы Сирияның әскери базаларының біріне шабуыл жасады.

Сирия Армиясының Бас қолбасшысы Сирия қарулы күштерінің Кунитрадағы ал-Баас қаласының маңына ән-Носрат майданы лаңкестері жасаған ауқымды шабуылдарын залалсыздандырудағы жетістіктерінен кейін сионистік режимнің сенбі күні лаңкестік топтарды қолдау және олардың рухын көтеру мақсатында Сирия Армиясының әскери базаларының біріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ армия қолбасшысы аймақтағы Израильдің қолшоқпары болып табылатын лаңкестік топтардың көзін жоятынын қуаттады.