Иранның Эрбильдегі Бас консулдығы мәлімдеме жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31878-Иранның_Эрбильдегі_Бас_консулдығы_мәлімдеме_жасады
Иранның Эрбильдегі Бас консулдығы осы дипломатиялық өкілдікке баса-көктеп кіру оқиғасынан кейін сенбі күні мәлімдеме жасады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 22, 2017 13:56 Asia/Almaty
  • Иранның Эрбильдегі Бас консулдығы мәлімдеме жасады

Иранның Эрбильдегі Бас консулдығы осы дипломатиялық өкілдікке баса-көктеп кіру оқиғасынан кейін сенбі күні мәлімдеме жасады.

Бұл мәлімдемеде жұма күні түстен кейін ИИР Бас консулдығының демалысымен бір мезгілде саяси мақсаттарды көздеген бірнеше адамның Эрбильдегі ИИР өкілдігіне басып-кіргені айтылып: "Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі жанқиярлығын есте сақтаған Эрбиль халқының мұндай әрекет жасамайтыны күмәнсіз",-деп жазылды.

ИИР Бас консулдығы осы өкілдікке баса-көктеп кірушілікті айыптап, Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының дипломатиялық өкілдік пен ирандықтарды қорғауға міндетті екенін еске салып, Ирак Күрдістанындағы саяси тұлғалардың, көшпенді тайпалардың басшыларының, университет ұстаздары мен үлемдердің, Парламент өкілдері мен халықтың, сондай-ақ, осы аймақта өмір сүретін ирандықтардың болған оқиғаға өкініш білдіргеніне ризалығын жеткізді. 

Ирак Күрдістанындағы әлеуметтік желілерді қолданушылар: "Иранның Бас консулдығына баса-көктеп кірушілер Масуд Барзани бастаған Күрдістан демократиялық партиясының жақтастары болуы мүмкін",-деп мәлімдеді.