Сионистік режимнің басшысы Иранға қарсы бос сөздерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31910-Сионистік_режимнің_басшысы_Иранға_қарсы_бос_сөздерін_қайталады
Сионистік режимнің басшысы дүйсенбі күні Иранға қарсы бос сөздерін қайталап, Иранды аймақ үшін қоқан-лоққы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 24, 2017 11:27 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің басшысы Иранға қарсы бос сөздерін қайталады

Сионистік режимнің басшысы дүйсенбі күні Иранға қарсы бос сөздерін қайталап, Иранды аймақ үшін қоқан-лоққы деп атады.

"Фарс" ақпарат агенттігі мәліметі бойынша, Реувен Ривлин Иранды аймақ мемлекеттерінің ішкі істеріне араласады деп айыптады.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху да Ресей Президенті Владимир Путинмен жуырдағы кездесуінде Иранның Сириядағы заңды құзырын сынап, Иранның Сириядағы ықпалының артуын аймақ пен әлем үшін қауіп-қатер деп атап, Иранды ДАИШ-ты қолдайды деп айыптады.

Израильдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Ципи Ливни де сионистік режимнің ДАИШ пен Ән-Носрат сынды лаңкестік топтарды қолдауы барысында Сирия армиясының позицияларын сан рет нысанаға алғанына тоқталмай, қисынсыз сөзінде Иранды лаңкестікті қолдайды деп жазғырды.