Сионистік режимнің басшысы Иранға қарсы бос сөздерін қайталады
Сионистік режимнің басшысы дүйсенбі күні Иранға қарсы бос сөздерін қайталап, Иранды аймақ үшін қоқан-лоққы деп атады.
"Фарс" ақпарат агенттігі мәліметі бойынша, Реувен Ривлин Иранды аймақ мемлекеттерінің ішкі істеріне араласады деп айыптады.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху да Ресей Президенті Владимир Путинмен жуырдағы кездесуінде Иранның Сириядағы заңды құзырын сынап, Иранның Сириядағы ықпалының артуын аймақ пен әлем үшін қауіп-қатер деп атап, Иранды ДАИШ-ты қолдайды деп айыптады.
Израильдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Ципи Ливни де сионистік режимнің ДАИШ пен Ән-Носрат сынды лаңкестік топтарды қолдауы барысында Сирия армиясының позицияларын сан рет нысанаға алғанына тоқталмай, қисынсыз сөзінде Иранды лаңкестікті қолдайды деп жазғырды.