Анкарада «Иранның көрікті жерлері» атты фото көрме жұмысын бастады
Қаз 25, 2017 05:43 Asia/Almaty
«Иранның көрікті жерлері» атты фото көрме Анкара фотографтары ассоцияциясы мен ИИР-ның Түркиядағы Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың қолдауымен Анкара қаласында жұмысын бастады.
Фото көрмеге Түркияның 21 фотографы түсірген Иранның Теһран, Йезд, Исфаһан, Шираз қалаларының тарихи, мәдени, әлеуметтік тартымдылықтарын қамтитын 200 туындысы қойылды. Анкара фотографтары ассоцияциясының директоры Кураи Олшын да шараға қатысып, «Иранның көрікті жерлері» фото көрмесін өткізуді құнды деп бағалап, ирандықтардың қонақжайлығына алғыс айтты.