Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісі Хашд аш-Шаабиге тіл тигізушілікке реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i31979-Ирактың_Исламдық_Жоғарғы_Мәжілісі_Хашд_аш_Шаабиге_тіл_тигізушілікке_реакция_білдірді
Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісі америкалық басшылардың Ирактың халықтық ерікті күштері Хашд аш-Шаабиге қарсы саясаттары мен ұстанымдарын тәкфіршілдер мен сепаратистердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 28, 2017 18:26 Asia/Almaty
  • Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісі Хашд аш-Шаабиге тіл тигізушілікке реакция білдірді

Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісі америкалық басшылардың Ирактың халықтық ерікті күштері Хашд аш-Шаабиге қарсы саясаттары мен ұстанымдарын тәкфіршілдер мен сепаратистердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған деп атады.

Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісі мәлімдеме жариялап, америкалық жоғары лауазымды басшылардың Хашд аш-Шааби қолбасшысының орынбасары Абу Меһди ал-Моһандеске қарсы жуырдағы сөздерін сынға алып: «Мұндай сөздер шын мәнінде Ирактың істеріне әшкере түрде араласу, сонымен қатар елдің бірлігі мен тұрақтылығына жасалған қоқан-лоққы саналады» деп қуаттады. Мәлімдемеде америкалық басшылардың Ирактың халықтық ерікті күштеріне қарсы айыптаулары теріске шығарылып: «Ұлттық күштер мен Ирак Қарулы күштері құрылымының бір бөлігі саналатын Хашд аш-Шааби Ирактың діни жетекшісінің бірлікті сақтап, лаңкестікпен күресу туралы талабымен майдан алаңына енді» деп баса айтты.

Америка Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт Ирактың басып алынған аймақтарын азат етудегі күресіне Абу Маһди ал-Моһандестің қатысуына наразылық танытып, оны лаңкес деп атаған болатын.

Ирак Парламенті 2016 жылдың қараша айының жиырма алтысы күні көпшілік дауыспен халықтық ерікті күштер Хашд аш-Шаабиді Ирак Қарулы күштерінің ресми бір бөлімі деп жариялады.