Адель Джубейр Иранға қарсы уәждерін қайталады
Қаз 29, 2017 17:49 Asia/Almaty
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы уәждерін қайталап: "Иран йемендік содырларды қолдап, Йемен дағдарысын шешуге кедергі жасауда",- деді.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі «содырлар» деген сөзді Йеменнің халықтық күштері үшін пайдаланып отыр. Негізінде дәл осы күштер аз мүмкіндіктерімен саудиялық коалицияның әскерилері мен жалдамалыларына тосқауыл қойды.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Риядтың Сирия мен Йемендегі саясаттары сәтсіздікке ұшырап отырған жағдайда және сол сәтсіздіктерін жасыру үшін Иранды Йеменге араласуда деп айыптады.
Тегтер