Масуд Барзани отставкаға кеткеннен кейін өзінің кінәсін басқаға таңуда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i32009-Масуд_Барзани_отставкаға_кеткеннен_кейін_өзінің_кінәсін_басқаға_таңуда
Масуд Барзани 2017 жылдың қараша айының бірі күні Ирактың Күрдістан аймағының президенті қызметінен отставкаға кететіні туралы ресми түрде мәлімдегеннен кейін: "Бағдад үкіметі Ирактың Күрдістан аймағына шабуыл жасау үшін референдумды сылтауратты",- деген уәж айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 30, 2017 14:10 Asia/Almaty
  • Масуд Барзани отставкаға кеткеннен кейін өзінің кінәсін басқаға таңуда

Масуд Барзани 2017 жылдың қараша айының бірі күні Ирактың Күрдістан аймағының президенті қызметінен отставкаға кететіні туралы ресми түрде мәлімдегеннен кейін: "Бағдад үкіметі Ирактың Күрдістан аймағына шабуыл жасау үшін референдумды сылтауратты",- деген уәж айтты.

Масуд Барзани жексенбі күні кешке телеарна арқылы айтқан сөзінде: "Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізудегі мақсат Эрбильдің Бағдадпен арадағы қиындықтарын бейбіт түрде шешу болды»,- деді.
Ирактың Күрдістан Демократиялық партиясының төрағасы қазіргі жағдайдың уақытша екенін және оның ұзаққа созылмайтынын ескертіп: "Бұрынғы Конституцияны қайтаруға талпыныс жасадық, бірақ бәрі нәтижесіз болды",- деді.
Барзани бөліну туралы референдумның ешқашан ұмытылмайтын баса айтып: "Ирактың Күрдістан аймағын өз алдына бөлінуге шақырудың өзіндік төлемі бар, алайда біз үлкен сатқындыққа ұшырадық",- деді.
Ирактың Күрдістан аймағының басшысы сондай-ақ АҚШ-ты ирактық күштерге Киркуктегі әскери амалдарда қолдау көрсетті деп айыптап: ""Хашд аш-Шааби" күштері де Күрдістан аймақтарында демографиялық өзгерістер жасау шеңберінде әрекеттер жасады",- деді.
Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті Парламенті жексенбі күні кешке Ирактың Күрдістан аймағы басшысының міндеттерін жергіліікті Үкімет, Парламент және Сот билігі арасында бөлуге келісім берді.