Қарсыласу үлемдерінің әлемдік одағы: Израиль – жойылуы тиіс обыр ісігі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i32048-Қарсыласу_үлемдерінің_әлемдік_одағы_Израиль_жойылуы_тиіс_обыр_ісігі
Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының бас хатшысы Ливанда Израильді жойылуы тиіс обыр ісігі деп атап: «Израильдіктер мұсылмандармен салыстырғанда өздерінің міндетті түрде жойылатындықтарына көбірек сенеді» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 01, 2017 18:42 Asia/Almaty
  • Қарсыласу үлемдерінің әлемдік одағы: Израиль – жойылуы тиіс обыр ісігі

Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының бас хатшысы Ливанда Израильді жойылуы тиіс обыр ісігі деп атап: «Израильдіктер мұсылмандармен салыстырғанда өздерінің міндетті түрде жойылатындықтарына көбірек сенеді» деді.

Иран Телерадио ұйымына қарасты хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының бас хатшысы шейх Маһер Хамуд бүгін сәрсенбі күні Бейрутте өткен Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының екінші халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Израильді жеңудің қару-жарақ пен әскерден бұрын мұсылмандардың шешімі мен ерік-жігерін қажет ететінін айтты.  

Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының бас хатшысы қоғамдағы үлемдер мен тұлғалардың қарсыласуды жақтап, Палестина мәселесіне көңіл аударудағы бірегей рөлін қуаттап: «Бальфур декларациясы ислам үмбетін нысанаға алып, оның мәдениетін бұзған қастандықтардың бірі болды. Қарсыласу өзегі Ливан мен Газа секторында жеңіске жеткендей, қарсыласуға қарсы барлық қастандықтар жеңіліс табады. Қарсыласу – лаңкестік немесе қастандық емес. Халықтар қарсыласу өзегін бұрынғыдай қолдайды» деді.