Сауд Арабиясының бұрынғы және қазіргі ханзадалары мен министрлері құрықталды
(last modified Sun, 05 Nov 2017 09:54:37 GMT )
Қар 05, 2017 15:54 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының бұрынғы және қазіргі ханзадалары мен министрлері құрықталды

Сауд Арабиясының королі сыбайлас жемқорлықпен күрес сылтауымен осы елдің бұрынғы және қазіргі ондаған ханзадалары мен министрлерін құрықтады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы үкіметі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде жаңа комитет құру арқылы осы елдің бұрынғы және қазіргі 11 ханзадасы мен 30 министрін құрықтады.

Бұл комитет Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі Арабстан королінің баласы Мұхаммад бин Салманның басқаруымен сенбі күні кешке құрылып, бірнеше сағат ішінде құрықтау туралы үкімдерді шығарды.

Al-Hayat газеті мен Al Arabiya арнасы құрықталғандардың ішінде саудиялық кабинеттің төрт министрі бар екендігін хабарлады.

Құрықталғандардың арасында Сауд Арабиясының ең ауқатты адамы және Rotana арнасының басшысы Валид бин Талал бин Абдулазиз, Сауд Арабиясы Сот билігінің бұрынғы төрағасы Халид Тоджери, Таяу Шығыс ақпарат орталығының (MBC) басшысы Валид әл-Ибраһим мен бұрынғы Денсаулық сақтау министрі және Джидда қаласының бұрынғы әкімі Адель Фақиһ та бар.

Бұл адамдар сыбайлас жемқорлық, пара алу және ақша жылыстату секілді қылмыстар жасады деп айыпталып отырған жағдайда кейбір сарапшылар бұл іс-шараны Салман корольдің билікті өз баласы Мұхаммад бин Салманға ұсыну үшін жасаған талпынысы деп бағалап отыр.

 

Тегтер