Велаяти: Сауд Арабиясының басшылары жасанды өзгерістеріне араласпағаны жөн
Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти Сауд Арабиясының үкіметі мен сол елдің басшыларына өз елдерінің мүддесі туралы көбірек ойлап, өздері қолдан жасаған өзгерістеріне араласпауға кеңес берді.
Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні Дамаскте Сирия Премьер-министрі Имад Хамиспен кездескен соң журналистерге берген сұхбатта: "Сауд Арабиясы араб немесе ислам әлемінің бір жерінде күн сайын қастандық жасап, бүлік тудыруда. Бұл әрекеттер Сауд Арабиясының біртіндеп оқшаулануына себеп болады",- деді.
Велаяти Сауд Арабиясының әрекеттерін саудиялықтардың мүддесіне сай емес деп, бұл елдің басшыларынан өз елі туралы ғана ойлап, басқа елдерге араласпауын сұрады.
Велаяти Иран мен Сирия қарым-қатынастарын стратегиялық деп бағалап: "Екі ел дәл осы стратегиялық қарым-қатынастар арқылы Теһраннан басталып, Бағдад, Дамаск және Бейруттен өтіп, Палестинаға жететін қарсыласу шебінің маңызды буыны ретінде бір-бірінің қасынан табылып, дұшпанға қарсы күресуде",- деді.