Эр-Рияд Израильдің жарамсыз картасымен қанды ойынға кірісті
Таяу Шығыстағы өзгерістердің жалғасында эр-Рияд пен Тель-Авив Ливанға әскери қоқан-лоққы жасады. Бұл қоқан-лоққы Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың қатаң реакциясына ұшырады. Ол сараптама емес, хабар түрінде Сауд әулеті мен сионистердің жақтасып отырғанының бетпердесін ашты.
Сейіт Хасан Насролла жұма күні Хезболла шәһидтері күніне орай сөйлеген сөзінде: "Израильдің Ливанға шабуыл жасау ықтималдығы Тель-Авивте жобаланған жоспар емес, эр-Риядтың ұйымдастырып отырған қастандығы",-деп қуаттады.
Бір жыл бұрын саудиялық және сионистік қайраткерлердің жасырын келіссөздерінің бетпердесі ашылып, Иран мен "алтылық" елдерінің ядролық келіссөздері барысында біртұтас сипатқа ие болса да, өз мақсатына жете алмай, диалогтары жеңіліс тапқан иврит-араб коалициясының нәтижесі қазіргі таңда ислам елдеріне қарсы әскери одақ түрінде көрініс тауып отыр. Ислам әлеміне жетекшілік етуге мүдделі Сауд Арабиясы сионистердің көмегімен аймақта соғыс отын тұтатып, өзінің мұнайдан түсетін долларларын сионистердің Ливандағы әскери операцияларында қолдануды көздеп отыр.
Тель-Авив бұдан бұрын Ливандағы бірнеше жеңілісі арқылы шыңдала түсті. Бұған қарамастан, эр-Рияд Теһранды аймақтағы соғысқа араласуға арандату мақсатымен сионистік режимді қарсыласу қозғалысына қарсы өз мұрсатын тағы бір рет сынап көруге итермелеп отыр.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің "Иранмен бетпе-бет келмейміз деп үміттенеміз" деп айтқан сөздері иврит-араб коалициясының аймақта соғыс отын тұтатудағы түпкі мақсатының Ливан емес, Иран екенін көрсетеді.
Теһранның аймақтағы соңғы жетістіктері, соның ішінде ДАИШ-тың Сирия мен Иракта ойсырай жеңілуі және Иранның аймақтағы ислам мазхабтарының барлығын қолдайтынын білдіретін жұмсақ күшінің көрінісі болып табылатын және адамдардың ең үлкен жиынына айналған Арбағин ұлы шеруі эр-Риядтың қорқынышын тудырды.
Сауд Арабиясының саяси құрылымын өзгерткісі келетін және осы мақсатта бәсекелес ханзадаларды ауқымды түрде қамауға алған Мұхаммад бен Салман осы бытыраған елде бірлік орнату үшін тек бір жаңа соғыстың қажет екенін біледі. Иран сияқты елмен соғыс ішкі бәсекелестерді шетке шығып, бір пісіп жетілмеген диктатордың билігін тамашалап қана отыруға риза болатындай маңызды болуы керек.
Осы екі ірі дәлел Вашингтонның әрекеттерімен бірге эр-Риядты Иранның стратегиялық тереңдігіне еніп, әскери текетіреске дайын екендігі туралы жолдауды Теһранға жеткізуге талпыныс жасайтындай нәтижеге жеткізді.
Теһранның бұл ойынға араласпайтыны анық. Иран ислам әлемінің біртұтастығын қорғайды және ислам елдерінің барлық күш-қуатының өзара қақтығыстарға емес, Израильді жоюға жұмсалатынына сенеді.
Теһран қарсыласу қозғалысының әлсіреуіне көзжұма қарай алмайтынын талай рет дәлелдеді. ХАМАС басшыларының Теһрандағы жуырдағы келіссөздері немесе Иран мен Хезболланың әріптестіктері Иранның сүннит және шиіт болғанына қарамастан барлық қарсыласу топтарымен жақын байланыс орнатып, ислам әлемінің ортақ дұшпанын жеңу үшін кез келген әріптестікке дайын екенін көрсетті.