Йеменнің халықтық шеруінің қорытынды мәлімдемесі
Йемен халқы Санадағы саудиялық шапқыншылардың бұл елді қоршауға алуына наразылық білдірген шерудің соңында мәлімдеме жариялап, үш жыл қатарынан Сауд Арабиясы басқарған шапқыншы мемлекеттердің АҚШ, Ұлыбритания және Израильдің көмегімен Йеменнің табанды халқына қарсы шабуылдарын жалғастырып отырғанын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Йеменнің almasirah телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йемен халқының елдің астанасында дүйсенбі күні өткізген үлкен шеруінің қорытынды мәлімдемесінде: "Әлемдік қоғамның көз алдында Йемен халқына бомба тастап, қырып-жойып жатыр. Адам құқығы, азаттық пен демократия туралы жар салатындар күн сайын Йемен халқына қарсы жасалып жатқан қылмыстарды көріп отырғанымен, үнсіздік танытуда. Шапқыншы коалицияның Йеменді құрлық пен теңіз және әуеден қоршауға алып, қоршауды күшейтуі айыпталатын мәселе. Шеруге жиналған миллиондаған адам халықаралық қоғамның үнсіздігін айыптап, бұл үнсіздікті шапқыншылармен бағыттас санайды",- деп айтылған.