Саад Харири шартпен босатылды
Ливандық газет Арабстанның қысымымен қарашаның 4 күні Риядта өзінің қызметінен кететінін мәлімдеген Ливан премьер-министрі Саад Хариидің балаларынсыз, тек жұбайымен ғана Арабстаннан Францияға аттанғанын жазды.
Ал-Ахбар газетінің мәліметі бойынша Хариридің Париж сапарында қасында жұбайы Лара ал-Азам ғана болған. Алайда қызы мен кішкентай ұлы мектептегі сабақ деген сылтаумен Риядта қалған. Англияда оқып жатқан үлкен ұлы кеше әкесін қарсы алу үшін Францияға келген. Бұл ал-Харир өткен аптаның жексенбі күні қатер төніп тұрған тақырып туралы телеарнаға берген сұхбатта: «Менің отбасым қасымда» деп қайталаған жағдайда орын алуда.
Қарашаның 4 күні Ливан премьер-министрі Арабстанда қызметінен отставкаға кететінін жариялағаннан бері Бейрут пен Риядтың байланысы түйткілге ұшырады.
Ливандық басшылар, соның ішінде ел президенті Аун Мишель ал-Харири Рияда құрықталды деген пікір білдірді.
Ливандықтар мен сарапшылар ал-Хариридің отставкасы Арабстанның қысымымен Хезболлаға Ливанның іші мен сыртында соққы беру мақсатында жүзеге асырылды деп санайды.