Астана келіссөздері үдерісінің үшжақты отырысы Түркияда өтеді
Түркияның Анталия қаласында ертең жексенбі күні Иран мен Ресей және Түркия Сыртқы Істер Министрлері Сирия дағдарысын шешу үшін кеңеседі.
Бүгін сенбі күні Теһранда Иран мен Ресей және Түркияның аға сарапшыларының саммиты жабық есік түрінде өтті.
Ертең жексенбі күні Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф, Түркия СІМ Мевлют Чавушоглу және Ресей СІМ Сергей Лавров Сиртя дағдарысын шешу мақсатында кеңестерін жалғастыру үшін кездеседі. Иран мен Түркия және Ресей президенттерінің саммиты да сәрсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында өтеді.
Иран СІМ-нің араб және Африка елдері істері бойынша орынбасары Хосейн Джабери Ансари Сирия дағдарысын шешу мақсатындағы кеңестердің жалғасында өткен аптада Ресей мен Сирия және Түркияға сапармен барған болатын. Астана үдерісінің жетінші отырысы қазан айының 30-31 күндері бақылаушы үш елдің делегациялары басшыларының қатысуымен Қазақстанның бас қаласы Астанада өтті.