Саудиялықтардың Иранға қарсы Араб коалициясын құру туралы арманын сараптау
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i32335-Саудиялықтардың_Иранға_қарсы_Араб_коалициясын_құру_туралы_арманын_сараптау
Араб елдерінің Сыртқы істер министрлері Сауд Арабиясының өтінішімен жексенбі күні Каирде төтенше отырыс өткізді. Отырыс "Иранның араб елдері құқығына қатысты заңдарды бұзуы" және "Иранның араб елдеріндегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті бұзуға талпынысы" деген тақырыптарда өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 20, 2017 15:54 Asia/Almaty
  • Саудиялықтардың Иранға қарсы Араб коалициясын құру туралы арманын сараптау

Араб елдерінің Сыртқы істер министрлері Сауд Арабиясының өтінішімен жексенбі күні Каирде төтенше отырыс өткізді. Отырыс "Иранның араб елдері құқығына қатысты заңдарды бұзуы" және "Иранның араб елдеріндегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті бұзуға талпынысы" деген тақырыптарда өтті.

Араб одағының бас хатшысы Ахмад Абул Ғейттің Рияд дайындаған мәтін негізінде оқыған Араб одағының қорытынды мәлімдемесінде Иран аймақ елдерінің ішкі істеріне араласып, аймақта тынышсыздық тудыруда деп айыпталды.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр отырыста саудиялықтардың ИИР-на қарсы негізсіз айыптарын қайталап, йемендіктердің өздерін қорғау мақсатында саудиялықтарға қарсы атқан зымырандарын «Иранның зымырандары» деген негізсіз уәжін қайталап: "Риядқа атылған баллистикалық зымыран ирандықтардың Сауд Арабиясы короліне қарсы жасаған шабуылдардың қайталануын дәлелдеп отыр. Осы уақытқа дейін бізге қарай «ирандық агенттер», яғни хусилер жүзеге асырған Иранның 80 баллистикалық зымырандық шабуылына куә болдық",- деді.

Сауд Арабиясының Иранға қарсы әрекеттері мен Иранға қарсы жалған уәж айту үшін Араб одағын дәнекер ретінде пайдалануы Сауд Арабиясының аймақтағы басқыншылық саясатының нышаны саналады. Мұның алдында Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Араб одағы шеңберінде басқа да ұйымдастырылған әрекеттерді жүзеге асырған болатын.

Сауд Арабиясының Иранға қарсы басқыншылық саясаттарының жалғасуын Риядтың негізгі рөл атқаруымен Иранға қарсы коалиция құру жөніндегі америкалық-израильдік саясат аясында қарастырған жөн.

Белгілі америкалық сарапшы әрі теоретик Ноам Хомский Tom Dispatch электронды басылымына берген сұхбатта АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясына жасаған алғашқы сапары мен оның Таяу Шығыс саясаттары мен Риядтың Иранға қарсы әдісіне қалай әсер еткені жайлы: "Сауд Арабиясы – Трамп үшін өзін қатыгез әрі қатты басып-жаныштайтын диктатура орнаған және үлкен көлемде ақша әкелетін ең ірі мұнай өндірушісінің үйінде жүргендей сезінетін жер. Бұл сапар барысында қару-жарақ сату жөніндегі ірі келісімдерге қол қойылып, саудиялықтар АҚШ-қа тартулар ұсынып жатты. Бұл сапардың салдарының бірі ретінде Трамптың саудиялық достарының Йеменге қарсы қатыгез шабуылдарын арттыруы мен Катарды жазалау үшін рұқсат алғанын айтуға болады",- деді.

Сауд Арабиясының Бен Салманның билік басына келуімен аймақтық биліктің пайдасын ойлап жатқаны айдан анық. Алайда бұл саясат бүгінгі таңда Йемен мен Сирияда, Иракта және Ливанда үздіксіз жеңілістерге ұшырады.

Сол себепті Сауд Арабиясы аймақтық дағадарыстарды ушықтыру арқылы өзінің мүдделерін ілгерлетуге талпыныс жасауда. Қазір Каир отырысы қарсаңында Саад Хариридің күдікті түрде Риядқа барып, онда қызметінен кететіні туралы мәлімдеуі Иранның Ливанның ішкі істеріне араласуы туралы және Хезболлаға қарсы алдын ала дайындалған күмәнді сөздері шеңберінде бастау алды.

Сауд Арабиясының Сирия, Ливан мен Йемендегі басқыншылық саясаттарының жалғасуы мен Иранға аймақта тұрақсыздық тудырушы деп айып тағуы саудиялықтардың аймақтағы ессіз араласушылық әрекеттері мен соғыстарын бүркемелеу үшін жасырын жасап жатқан талпыныстарынан туындап отыр.