Араб одағының Иранға қарсы мәлімдемесі Риядтың Теһранға қарсы негізсіз сөздерін қайталау
(last modified Mon, 20 Nov 2017 14:58:53 GMT )
Қар 20, 2017 20:58 Asia/Almaty
  • Араб одағының Иранға қарсы мәлімдемесі Риядтың Теһранға қарсы негізсіз сөздерін қайталау

Сауд Арабиясының өтінішімен өткен Араб одағына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысында Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталаған мәлімдеме жарияланды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, мәлімдемеде отырысты өткізуді өтінген Сауд Арабиясының уәждері қайталанып, Иранға аймақ істеріне араласуда деген айып тағылып, Йемен күштері тарапынан Риядқа атылған зымыран ирандық зымыран деп аталды.

Бұл уәждер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы делегациясы сенбі күні Батыс елдері дипломаттарына хат жолдап: "Йемен күштерінің жуырда Риядқа жасаған зымырандық шабуылына Иранның қатысы бар деген Сауд Арабиясының уәждерін дәлелдейтін ешбір құжат табылмады",- деп мәлімдеген жағдайда айтылып отыр.

Араб одағының мәлімдемесінде Сауд Арабиясының ықпалы мен қысымы салдарынан Теһран Риядқа қарсы соғыс бастады деп айыпталды.

Араб одағы өз мәлімдемесінде сондай-ақ ИИР-нан аймақ елдерінің ішкі істеріне араласудан бас тартуды сұрады.

Араб одағы бұл мәлімдемеде саудиялық күштердің Йемен халқына қарсы жасаған әскери шабуылы мен сол елді қоршауға алуы және Ливан премьер-министрі Саад Харириді Риядта қызметінен кетуге мәжбүрлеуіне ешқандай сілтеме жасамады.

 

 

Тегтер