Сионистер үшін 1048 пәтер салынуы туралы жоба әшкере болды
Қар 23, 2017 22:46 Asia/Almaty
Иврит тіліндегі "Гаарец" газеті сионистік режимнің жаңа жобасында сионистер үшін Иордан өзенінің Батыс жағалауында 1048 пәтер салатынын әшкере етті.
Осы мәліметке сәйкес, Израиль кабинетінің сот ісі жөніндегі кеңесшісі Авихай Манделблит жобаны іске асыру үшін Палестина жерін тәркілеуді заңдастыруға талпыныс жасап жатыр. Сионистік режим АҚШ-тың билік басына Дональд Трамп келгеннен бастап Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен басып алынған Құдста қалашық салу жұмыстарының қарқынын жылдамдатты.
Тегтер