Бин Салманның орындалмаған армандарын сараптау
Бүгінде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманның есімі көзге көп түсіп жүр. Көптеген адамдар оны Батыс елдерінің, әсіресе америкалық ақпарат құралдарына сұхбат беруге қатты құмар авантюраға бейім әрі атаққұмар ханзада деп санайды.
Оның сұхбаттарынан көбінесе аймақты соғыс пен қирау иіріміне түсірген өршіл армандары мен ессіз саясаттарын ақтау көрініс тапқан. Ол The New York Times газетіне берген сұхбатында ирандық басшыларға қарсы негізсіз сөздер айтты. Оның сөздеріне Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы қатаң жауап қайтарды.
Баһрам Ғасеми жұма күні Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің Иран басшылары туралы айтқан сөздеріне жауап ретінде: "Сауд Арабиясының авантюраға бейім тақ мұрагері аймақ диктаторларының шарасыз тағдыры жайлы ойлануы тиіс",- деді.
Сауд Арабиясы Иранға қарсы жоба құру үшін алдымен Йемен әскерінің қарашаның төрті күні Риядтағы Халед Малек әуежайына жасаған шабуылы кезінде пайдаланған зымырандарды ирандық деген уәж айтып, бұл істі соғыс әрекетінің көрінісі деп атады. Содан кейін ол Араб одағының төтенше отырысы спектаклін ұйымдастырды. Сауд Арабиясының басшылары бірнеше күннен кейін Ливан премьер-министрі Саад Харириді қызметінен кетуге мәжбүрлеу арқылы Иран мен Хезболлаға қарсы қысымдарды арттыруға талпыныс жасады. Бұл әрекеттер Риядтың даулы сыртқы саясатын көрсетіп отыр. Бірақ осы арада "бин Салманның Иран үшін құрған жаңа жоспары қандай?" деген сауал туындайды. Оның ойында жүрген арман өте көп, алайда Иранға соққы беру - оның бос қиялы ғана.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері өзі елдің ішкі мәселелері мен бәсекелес ханзадаларымен билік үшін соғысып жатқан жағдайда Иранға қарсы сөз айтып отыр. Сауд Арабиясының сыртқы саясатындағы жанжалдың да ішкі мәселелерден маңызы кем емес. Ол өз мақсаттарына жету үшін барлық варианттарды іске қосқан.
Германиялық Der Spiegel басылымы жуырдағы мақаласында Сауд Арабиясы мен Израильдің Иранға қарсы ынтымақтастығына сілтеме жасап: "1948 жылы Израиль құрылған кезден бастап, бұл режимнің басшылары араб әлемінің серіктесі болуға талпыныс жасап келді. Сауд Арабиясы өз әрекеттерімен осындай нәрсеге негіз жасады",- деп жазды.
Америкалық журналист Томас Фридман жуырда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманмен сұхбатынан кейінгі мақаласында былай деп жазды: "Бин Салманның жалпы көзқарасы мынадай: саудиялықтар мен олардың араб одақтастары АҚШ президенті Дональд Трамптың үкіметіне қолдау көрсету арқылы Иранға қарсы күресетін коалиция құрып жатыр. Алайда Фридман Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің бұл көзқарасына қатысты күмән келтіріп, Арабстанның өзінің дәстүрлі одақтастарымен арадағы суық қатынасына тоқталып: "Осы ауытқушылықтар біріккен майданның құрылуына тосқауыл болып келді",- деп жазды.
Ұлыбританиялық The Independent басылымының сарапшысы журналист Роберт Фиск бин Салманның орындалмаған армандарын басқа тұрғыдан қарастырып: "Бүгінде өмір сүріп жатқан Таяу Шығыстың менің 40 жыл бұрын баяндама әзірлеу үшін сапар шеккен Таяу Шығыспен салыстырғанда айырмашылығы көп. Ол кезде тіпті саясаттары бос қиялға негізделгенімен, АҚШ-тың шын мәнінде саясаты болды. Құлдырау үстінде тұрған Кеңес Одағы билік теңгерімін жасау үшін оған қарсы тұрды.
Бұрын АҚШ президенті Джордж Буш келіп, "тапсырма орындалды" деп айтатын. Енді ИИР ДАИШ-тың жеңіліске ұшырағанын мәлімдейді",- деп жазды.