Жел 08, 2017 18:29 Asia/Almaty
  • Аятолла Систани ислам үмбетін Құдсты палестиналықтарға қайтару үшін бірігуге шақырды

Ирак шиіттерінің жоғары мәртебелі діни жетекшісі ислам үмбетін Құдсты палестиналықтарға қайтару үшін бірігуге шақырды.

ISNA ақпарат агенттігінің Sumaria news телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аятолла Систани бейсенбі күні АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп таныстырып, өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге шешім қабылдауын айыптап: "АҚШ Президентінің бұл шарасы жүздеген миллион араб пен мұсылманның сезіміне сызат түсірді. АҚШ үкіметінің Құдсқа қарсы шешімі бұл қаланың басып алынған елдегі қасиетті орын екендігін, оның нағыз иелеріне, яғни палестиналықтарға қайтарылуы тиістігі туралы шындықты өзгертпейді",-деп қуаттады.

Ирак СІМ-нің ақпарат хатшысы Ахмад Махджуб мәлімдеме жасап, АҚШ Президентінің қасиетті Құдсқа қатысты жуырдағы шешіміне наразылық ретінде АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Дуглас Силлиманның бейсенбі күні Ирактың Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған наразылық нотасының тапсырылғанын хабарлады.

 

Тегтер